6 ай бұрын Ұлытаудан жаяу шыққан Сәрсенбай Оспанұлы бүгін Ақтауға жетті. Елімізді жаяу аралап жүрген 72 жастағы ақсақалдың табаны еліміздің барлық аймағына тиген. 8 мың шақырым жол жүрген жиһангезді маңғыстаулықтар ерекше ықыласпен қарсы алды,деп хабарлайды Маңғыстау облысындағы BAQ.KZ тілшісі.