Шетелдіктердің ХҚКО-ларға жаппай келуіне байланысты, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы оларды Астана және Алматы қалаларында, сондай-ақ Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Алматы облыстарындағы арнайы күшейтілген ХҚКО-ларда қабылдау туралы шешім шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.