Абай облысында инвестициялық белсенділік айтарлықтай артты. Өңір әкімі Берік Уәлидің айтуынша, жыл басынан бері іске асырылып жатқан жобалар саны 29-дан 97-ге дейін өскен, ал тартылған инвестициялар көлемі 2,2 трлн теңгеден 3,5 трлн теңгеге жеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.