«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жобасы аясында Абай облысында алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында Жарма ауданының Салқынтөбе, Бородулиха ауданының Успенка, Көкпекті ауданының Үлгілі-Малшы, Биғаш, Шәріптоғай және Бесқарағай ауданының Белокаменка, Стеклянка ауылдарында медициналық пунктер салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.