Ұлттық құрылтайда көтерілген экономикалық мәселелер мемлекеттің дамуындағы жаңа кезеңде қандай басымдықтарға мән беріліп отырғанын айқын көрсетті. Президент сөзінен экономикалық саясаттың басты мақсаты- жай өсімге емес, әділетті әрі орнықты дамуға бағытталғаны аңғарылады. Бұл - экономиканың нақты секторын күшейту, қаржы айналымын арттыру және халықтың әл-ауқатына тікелей әсер ететін жүйелі шешімдер қабылдау деген сөз.
Жаңалықтар