Ертіс өңірінде алыс-жақын шетелден келген студенттердің шаңырағына айналған орын бар. Торайғыров университетінің жанындағы Foundation факультеті он жыл ішінде жүзі басқа, тілегі бір жүздеген жас азаматқа білім беріп, көпұлтты еліміздің мәдени құндылықтарын сіңіре білді. Еліміздегі бірегей институт – Қазақстан халқы Ассамблеясының моделіне айналған факультет деканы Сәуле Ксембаевамен сұхбаттасуды жөн санадық.