Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы қазақ жерінде социалистік қоғам құру идеясын қабылдамаған. Бұл туралы тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Қойгелдиев Алматыда өткен «Ахмет Байтұрсынұлы – Ұлт ұстазы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.