Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Андрей Лагуновқа қатысты Үржар–Семей аймақаралық сотының бұрынғы үкіміне өзгеріс енгізді. 19 жастағы хоккейшінің өліміне себеп болған спортшыға 3 жыл түрме жазасы кесілді. Жәбірленушілерге 20 млн теңге өтемақы өндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.