Жетісуда мыс өндіріледі. Құрылғанына бір жарым жылдан асқан аймақтың экономикалық өсімі 113 пайызға жуықтады. Бұл республикадағы ең жоғары көрсеткіштің бірі. Сонымен қатар 10 айда 240 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Орталық коммуникация қызметі алаңындағы брифингте айтқан өңір әкімі Бейбіт Исабаевтың сөзіне сүйеніп.