Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге 30-ға жуық мекеме 800-ден аса бос жұмыс орны ұсынды. 60-қа жуық жас жұмыс берушілерден кеңес алып, түйіндемесін тапсырды, деп хабарлайды Маңғыстау облысындағы BAQ.KZ тілшісі.