Ақтөбе облысының Ырғыз ауданындағы Жаныс би және Шеңбертал ауылдарында 1500-ге жуық адам тұрады. Бүгінде олардың барлығы құдықтың суын ішіп отыр. Ал судың сапасы мен санитарлық жағдайы көңіл көншітпейді. Оның үстіне, құдықтың суы ауық-ауық тартылып кетеді. Мәселенің мән-жайы «AMANAT» Партиялық бақылау комитетінде талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.