Жыл басынан бері Ақтөбе облысындағы кәсіпорындарда 58 жазатайым оқиға болған. Нәтижесінде 85 адам зардап шеккен, оның 14-і — әйел адам. Биылғы көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда аз. Дегенмен өңірдегі кәсіпорындарда әлі де болса жазатайым жағдайлар азаймай отыр, деп хабарлайды Ақтөбе облысындағы BAQ.KZ тілшісі.