Ақтөбеде Ұлттық ұландық офицер тұрғын үйдегі өртті сөндіруге көмектесті, деп хабарлайды BAQ.KZ. Ұлттық ұланның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшісі аға лейтенант Әсет Кәкімов қызметтен бос уақытында тұрғындарды өрттен аман сақтап қалуға көмектескен.