Халық әртісі Роза Рымбаева соңғы уақытта өзінің аты мен беделін пайдаланып жүрген жалған жарнама жасаушылар туралы мәлімдеме жасап, халыққа арнайы үндеу жолдады. Әнші бұл әрекетті алаяқтық деп бағалап, қазақстандықтарды мұқият болуға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.


