Ауыл мектептері оқушыларының республикалық олимпиадасы биылғы жылдың қараша және 2024 жылдың қаңтар айлары аралығында алғаш рет өткізіледі. Аталған бастама қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінде өткен аппарат отырысында белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.