Туристік нысандар мен музейлер әрдайым көңіл көтеру орны бола бермейді. Сондай орындардың бірі саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының АЛЖИР музей-мемориалдық кешені. Біз де осы музейді көру үшін елордадан 40 шақырым жерде орналасқан Ақмол ауылына келдік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.