Мемлекет басшысының тапсырмасына орай Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алматы және Қонаев қалалары арасында жаңа жолаушылар темір жол бағытын ашу мәселесін қарастырған болатын. Осыған сәйкес биылғы жылдың 11 қарашасынан бастап Алматы – Қонаев пойыз бағыты ашылады, деп хабарлады BAQ.KZ.