Алматы халықаралық әуежайының жаңа терминалының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі уақытта жұмыстардың 80 пайызы аяқталды. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаевпен кездесу кезінде «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ президенті Алып Ер Тұнға Ерсой айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.