Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 шілдеде Алматы қаласында қалалық Мәслихаттың кезектен тыс XXIII сессиясы өтті. Сессия барысында Алматы қаласы аумақтық сайлау Комиссиясының қаулысы және «AMANAT» пен «Қазақстан Халық партиясы» партиялары филиалдарының шешімдері негізінде және берілген өтініштерге сәйкес 11 депутатты алмастыру (ротация) жүргізілді.