Биыл Алматы атмосферасына орта есеппен 189 мың тонна зиянды қалдық шығарылған. Оның басым бөлігі, нақтырақ айтсақ, 60 пайызға жуығы автокөліктен бөлінген. Осылай деген мамандар экологиялық ахуалды реттеуге әрі заң бұзғандарды дереу анықтауға арналған жаңа жобаны таныстырды. Алғашқы спектрометр Төлебаев және Гоголь көшесінің қиылысына орналатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Аlmaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.