Жоба аясында «Көшпенділер қаласы» кешенін қайта жаңарту, Таңбалы Тас археологиялық ескерткішіне қарай жаяу жүргіншілер үшін көпір салу және заманауи туристік инфрақұрылымы бар демалыс аймағын абаттандыру көзделген. Аталған аумақта глэмпинг аймақтары, демалыс орындары мен қоғамдық тамақтану нысандары салынбақ, деп хабарлайды BAQ.KZ.