Алматы агломерациясының сейсмикалық картасына сәйкес, шаһар зілзала бойынша 9-10 балдық белдеуде орналасқан. Қалада барлығы 27 тектоникалық жарық бар. Сарапшылардың айтуынша, энергетикалық класы жоғары жер сілкінісі болса, тектоникалық сызаттар шөгіп, қала жердің астына кетіп қалуы мүмкін. Алматыда сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. Бұл жайында Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді деп хабарлайды BAQ.KZ.