Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен қалада балалар мен жастарды қолжетімді спорт секцияларымен қамтамасыз ету, халықты салауатты өмір салтына тарту, ұлт денсаулығын сақтау және арттыру үшін заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешендері пайда болады. Олар Медеу ауданының «Алатау», Түрксіб ауданының «Жас Қанат», Алатау ауданының «Зерделі» шағынаудандарында орналасады, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.