Кеңес Одағының Батыры, № 1 Халық қаһарманы, Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған іс-шара әскери-патриоттық клубтар, әскери мектептер мен училищелер тәрбиеленушілері арасында ерекше әсер қалдырды.