Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Халықтың бюджетке қатысуы» бағдарламасына өтініш қабылдау кезеңі аяқталды. Биыл қала тұрғындарынан 1251 жобалық ұсыныс түсті. Өткен жылмен салыстырғанда келіп түскен өтініштердің саны 33 пайызға көбейген. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.