Алматыда «Ақкент» шағынауданындағы 16 қабатты тұрғын үйде орын алған өртке байланысты Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбековтің төрағалығымен тұрғын үй алдында жедел штаб құрылды. Штабта төтенше жағдайлар департаменті, полиция, прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.