Алматыда полицейлердің есебінде 400-ге жуық жасөспірім және 580-ден астам тұрмысы нашар отбасы тұр. Бұл мәліметті Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналды полиция бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Жанна Шонжанова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.