Алматыдағы №1 Қалалық клиникалық аурухана жанында Қазақстан мен Кореяның бірлескен тұңғыш реабилитациялық медицина оқу-зерттеу орталығы ашылды. Жоба Денсаулық сақтау министрлігі, әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ, Кёнбук университеті ауруханасы мен Корей денсаулық сақтау индустриясын дамыту агенттігінің (KHIDI) қолдауымен жүзеге асырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚКА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.