29 наурыздан бастап Алматыда кенеге қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстарының бірінші кезеңі басталады. Дезинсекциялық жұмыстар қала саябақтарын мен гүл бақтарында, орманды алқаптарда жүргізілмек. Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты, деп хабарлайды BAQ. KZ.