Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қызметіне кіріскен алғашқы күннен көшедегі «жабайы» саудамен күресетінін айтқан болатын. Бұл бағытта әкімдік тарапынан бірқатар жұмыстар атқарылып, базарлардың жанына шоғырланған ұсақ сауда орындарын да едәуір азайған болатын. Дегенмен күн жылынуымен көшеде тауарын жайып салып сауда жасап отырған саудагерлердің қайта көбейе бастағанын байқап қалдық. Осы ретте Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі саудагерді сөзге тарттып, сауданың бұл түрі әлі де сұранысқа ие екенін білді.