Алматы тұрғындары қаладағы түтіннің әсерінен жедел респираторлық вирустық инфекцияларды және тұмауды ауыр өткеруі мүмкін. Бұл туралы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.