Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында апатты жағдайдағы ауыл мектептері мен денсаулық сақтау нысандарында болып, жастармен, сондай-ақ ауыл тұрғындарымен «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысу мәселелері бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Primeminister.kz сілтеме жасап.