2024 жылдың басынан бастап Жер ресурстарын басқару комитеті жалпы ауданы 2,8 млн гектар аумақта 1748-ден астам жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша 2,2 млн гектар аумақта жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы 1342 ұйғарым берілді,деп хабарлайды BAQ.KZ Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.