Ауыл халқының табысын арттыру жобасы аясында Жетісу облысына 1,5 млрд теңге бөлінеді. Өңірдің 400-ге жуық тұрғыны мен ауыл шаруашылығы кооперативтері өз ісін бастауға немесе дамытуға жеңілдікпен шағын несие ала алады. Бұл туралы облыс фермерлерімен кездесуде Ауыл шаруашылығы министрі айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.