Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шарты аясында елордада 10 мың орындық ақылы автотұрақ ашылады. Бүгінде оның 7 жарым мыңы пайдалануға берілді деп хабарлайды BAQ.KZ. Бұл туралы Астана қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ержан Диханбаев айтты.