"Астанаэнергосбыт" ЖШС ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіне заңды тұлғалар үшін электр энергиясына тарифті 1 кВт/сағатына 38,35 теңгеден 31,45 теңгеге дейін яғни 18%-ға төмендету туралы хабарлама берді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетіне сілтеме жасап.