12 қарашада «Астана Операда» «Жібек жолы» халықаралық фестивалінің ашылуы өтеді. Қызыл кілемдегі белгілі қонақтар мен журналистер, жарқын шоу-бағдарлама мен М.Төлебаевтың көпшілік ұнататын «Біржан – Сара» операсы үш апталық фестивальді бастап береді, онда Италия, Германия, Чехия, Украина, Армения, Ресей, Беларусь және басқа да елдерден әртістер жиналады, деп хабарлады BAQ.KZ.