Елордадағы «Астана Арена» стадионында өткен Қазақстан мен Бельгия құрамалары арасындағы ойынды жанкүйерлер ерекше форматта аяқтады. Матч соңында трибуналарда көрермендер экологиялық акция өткізіп, стадионда қалған қоқысты бірге жинады, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.