Елордада маса-шіркейлердің таралуына қарсы дезинсекциялық жұмыстар сәуірден қыркүйекке дейін ай сайын 15 күн ішінде алты кезеңде жүзеге асырылады. Жұмыстарға 100-ге жуық адам, бүрку бойынша арнайы көлік, термогенераторлар тартылады. Агроуниверситетпен бірлесіп, ғылыми қызметкерлерден масалардың түрлерін зерттеу және олардың көбеюі, қажетті жұмыстарды құру жөніндегі штаб құрылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.