ХХ ғасырдың басында және ортасында қазақ халқының басына түскен ауыр нәубет, зұлмат жылдар туралы айтылар әңгіме аз емес. Әсіресе, «жұмыр жердің жотасы» атанған Тибет қыраты - Гималай тауынан асқан босқын қазақ көші адамзат тарихында өшпейтін із қалдырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.