Биыл наурыз айынан бастап Астананың барлық бес ауданында вейп пен насыбайдың заңсыз таралуы мен қолданылуын анықтау бойынша жүйелі негізде рейдтер жүргізілуде. Осы уақыт ішінде қала бойынша мыңдаған сауда орны тексеріліп, жүздеген бұзушылық анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.