Елімізде 16 желтоқсанда Тәуелсіздік күні атап өтіледі. Бұл мереке ел үшін ерекше маңызға ие, ол Қазақстанның егемендігі, бостандығы үшін күрескен жандарға құрмет болып саналады. Осы айтулы күннің құрметіне Астана қаласының мәдениет, білім, спорт мекемелері қала тұрғындарына арнап бірқатар іс-шара ұйымдастырып отыр, деп хабарлады BAQ.KZ.