Астанада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акция өтіп жатыр. «Мөлдір бұлақ» деп аталған осы аптадағы акция барысында су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады. Экоакция аясында жастар мемлекеттік және басқа да құрылымдардың қызметкерлерімен бірлесіп, Қарасай батыр көшесінен Н. Тілендиев көшесіне дейінгі аумақтағы Сарыбұлақ өзенінің жағасын тұрмыстық қатты қалдықтардан тазарту жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.