Бұл туралы ҚР Көлік министрі Марат Қарабаевтың Атырау облысына жұмыс сапары барысында белгілі болды. Министр әуе айлағын аралап, нысанның қазіргі жағдайын тексерді. Катарлық инвестор 2025 жылдың басында жаңа әуежай кешенінің құрылысын бастайды және инфрақұрылымды толық жаңғырту мен кеңейтуді, сондай-ақ қазіргі әуежай ғимаратын жаңартуды жүзеге асырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.