Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, төтенше жағдай режимі енгізілгелі бері өңірде 1846 сәби туылған. Оның ішінде, нәрестелердің 961-і ұл, 885-і қыз бала, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.