Атырауда дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионатының алғашқы жарыс күні аяқталды. Ел біріншілігінің бірінші күнінде әйелдер 48, 52 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде, ал ерлер 60 және 66 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.