Жарықтың өшуіне №18 станцияның өртке орануы себеп болған. Салдарынан қаланың 6 ықшам ауданындағы, атап айтқанда Геолог, Жұлдыз, Бірлік, Томарлы, Контейнер мен Вокзал маңында тұратын тұрғындар электр энергиясынсыз қалды, деп хабарлайды Атырау облысындағы BAQ.KZ тілшісі.