Заманауи үлгідегі мектептер мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынады. Жаңа ғимараттар Авангард ықшамауданы мен Жәңгір хан/Тұмар ханша өткелдері қиылысқан ауданда бой көтермек. Құрылыс жұмыстары биыл тамызда басталып, 2025 жылдың қыркүйек айында пайдалануға беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.