Байдың баласы деп қуғын көріп, бір атадан жалғыз тұяқ болып қалғаны көңіл көкжиегімді бір мұң болып торлап тұратын. Әпкесі алып кетіп, тегін өзгертіп жазғызып, Қарағандыдағы жетімдер үйіне орналастырып, сөйтіп жүріп аман қалғаны – бала жүрегімді сыздататын.