Қазақстанда ет пен сүт өндірісі соңғы жылдары тек ішкі нарықты қамтамасыз етумен шектелмей, экспортқа бағытталған салалардың біріне айналып келеді. Мемлекеттік қолдау, өндірістік қуаттың артуы және кәсіпкерлердің жаңа көзқарасы ауыл шаруашылығында бренд қалыптастыру мәселесін алдыңғы қатарға шығарды. Алайда саладағы нақты ахуал көрсеткендей, өнім көлемін арттыру - бір бөлек, ал оны тұрақты нарыққа айналдыру - мүлде өзге мәселе. BAQ.KZ тілшісі саладағы ахуал мен бренд қалыптастыру жолындағы кедергілерді саралап көрді.
Жаңалықтар